БРИКС-ке қызығушылық артуда

Путин 14-ші БРИКС елдерінің жоғары өкілдері қауіпсіздік кеңесіне қатысушы ресми тұлғалармен кездесті.

2186553
БРИКС-ке қызығушылық артуда

    Ресей Президенті Владимир Путин 34 елдің БРИКС-ке мүше болғысы келетінін мәлімдеді. Путин Санкт-Петербург қаласында 14-ші БРИКС елдерінің жоғары өкілдері қауіпсіздік кеңесіне қатысушы ресми тұлғалармен кездесті. Путин кездесуге 1 қаңтардан бастап БРИКС-ке мүше болған елдер делегацияларының да қатысқанын айтты.

    Бүгінге күнге дейін БРИКС аясында түрлі салаларда көптеген кездесулер өткізілгеніне назар аударған Путин БРИКС саммитінің 22-24 қазан күндері Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының астанасы Қазанда өтетінін және көптеген ел басшылары қатысатынын мәлімдеді. 

    БРИКС саммитінің маңыздылығына тоқталған Путин «БРИКС-ке қызығушылық артуда. 34 мемлекет БРИКС шараларына түрлі жолдармен мүше болғысы келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар