Кейбір түрік азаматтары Иракқа визасыз бара алады
Ирак премьер-министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
2185851
Ирак үкіметі 50 жастан асқан және 15 жасқа толмаған түрік азаматтарының елге визасыз саяхаттай алатынын жариялады.
Ирак премьер-министрлігінің баспасөз қызметінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Министрлер кеңесінің отырысында төлқұжаты бар 50 жастан асқан және 15 жасқа толмаған түрік азаматтарының Иракқа визасыз бара алатыны туралы шешім қабылданды.
Аталмыш түрік азаматтарының төлқұжаттарына Ирактағы әуежайлар мен шекара қақпаларында кіріс мөрі басылады және бұл адамдар Иракта 30 күн тұра алады.
15 жастан кіші және 50 жастан асқан ирактықтар үшін де Түркияға виза жеңілдігі қамтамасыз етілген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Грузия азаматтары енді Ресейге визасыз барады
Грузия азаматтары Ресейге визасыз саяхат жасай алатын болады.