Харрис пен Трамп пікір таластырды

Кандидаттар көптеген тақырыпта бірін бірі айыптады.

2185941
Харрис пен Трамп пікір таластырды

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) президенттік сайлауы аясында Камала Харрис пен Дональд Трамп тікелей эфирде пікірталасқа шықты.

АҚШ-та 5 қараша күні өтетін президенттік сайлау жақындап қалды.  Демократ партия кандидаты Харрис пен Республика партиясының кандидаты Трамп «ABC News» телеарнасында жарияланған бағдарламада пікір таластырды. Бағдарламада кандидаттар экономикадан сыртқы саясатқа дейін көптеген тақырыпта өз пікірлерін айтты, көптеген тақырыпта қарсыласын айыптады.

Камала Харрис Израильдің қырғындары тақырыбында «Израильдің өзін қорғауға хұқы бар.  Оларға бұл тақырыпта қолдауымыз жалғасады. Бірақ көп жазықсыз адам өлтірілді.  Соғыс дереу тоқтатылуы керек» деді.

Трамп болса «Харрис Нетаньяхуды жек көреді.  Мен болғанда Иран аймақтағы елдерге материалдық көмек бере алмас еді,  Израильде бұлар болмас еді» деген сөздер қолданды.

Сонымен қатар Трамп өзі міндетке келер келмес Украина-Ресей соғысының аяқтайтынын,  үшінші дүниежүзілік соғыстың жақындап қалғанын білдірді.  Харрис болса «Трамп президент болса Путин Киевте отырып, назарын басқа Еуропа елдеріне тігер еді» деді.  

Екі қарсыласқа бас қостырған тікелей эфирде Трамп барлығы 42 минут 52 секунд, Харрис болса 37 минут 36 секунд сөз сөйлепті.



Ұқсас жаңалықтар