БҰҰ соғысты тоқтатуға шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде сессия өтті.

2185977
БҰҰ соғысты тоқтатуға шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Украинадағы соғыста 11 мың 700 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын білдіріп, 79-шы Бас Ассамблея сессиясына дайындалып жатқан мүше елдердің басшыларын Украинадағы соғысты тоқтату үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Эквадор мен Францияның өтініші бойынша Ресейдің Украинадағы бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымдарға жасаған шабуылдарына арналған сессия өтті.

Сессияда мүше елдерді хабардар еткен БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Джойс Мсуя Украинадағы жағдайдың ушығып бара жатқанына назар аударды.

Мсуя қаза болғандар санының артып халықтың қиналысы «төзе алмайтын деңгейге» жеткенін және осы уақытқа дейін 11 мың 700 адам қаза тапқанын 24 мың 600 адамның жараланғанын білдірді.

Украинада 10 миллион адамның мәжбүрлі түрде қоныс аударғанына назар аударған Мсуя 26 тамыздан бері Украинаның түкпір-түкпірінде ауқымды шабуылдардың жалғасып, Украина-Ресей шекарасындағы қақтығыстың жаңа аймақтарға тарағанын және бұл жағдайға қатты алаңдағандарын білдірді. Ол Украинаның Курск аймағындағы әскери операциялар нәтижесінде 130 мың адамның босқынға айналғанын мәлімдеді. Мұнда да бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымдарға қарсы шабуылдар жасалғанына назар аударды. «Барлық тараптар халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес халықты және азаматтық активтерді қорғауы керек» деді. Әскери әрекеттердің артуы гуманитарлық операцияларды қиындатып, жұмысшыларға қауіп төндіретінін де мәлімдеді.

Украина үшін жарияланған гуманитарлық көмек қорына биыл 1,4 миллиард доллар аударылғанын атап, мұның жеткіліксіз екенін және Украина бойынша 14,6 миллион адамның көмекке мұқтаж екенін білдірді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясына дайындалып жатқан мүше мемлекеттер басшыларын Украинадағы соғысты тоқтату үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар