Газада екпе науқаны

Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторында жүріп жатқан екпе науқаны туралы бөлісті.

2185487
Газада екпе науқаны

            Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторында 1 қыркүйектен бері жалғасып келе жатқан полиомиелитке қарсы екпе науқаны аясында 446 мыңнан астам баланың екпе алғанын хабарлады. Гебрейесус «X» әлеуметтік платформасында Газа секторында жүріп жатқан екпе науқаны туралы бөлісті. «Газаның оңтүстігіндегі полиомиелитке қарсы екпе науқаны 446 мыңнан астам баланың екпе алуымен аяқталды. 5 медициналық кешен балалардың вакцинациялануын қамтамасыз ету үшін жұмысын жалғастырады» деді. Ол екпе жүргізіліп жатқан аймақтардағы «соғыс қимылдарында гуманитарлық үзіліс» науқанның бүкіл Газа секторында сәтті аяқталуы үшін өте маңызды екенін атап өтті.

            Бас директор Газаның солтүстігінде екпенің басталуы үшін дайындықтың жалғасып жатқанын мәлімдеді. «Газадағы балалар полиомиелитке қарсы екпеге ғана емес, тұрақты бейбітшілікке лайық» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар