Палестина әкімшілігі Газа секторына барады

Палестинаның «WAFA» ақпарат агенттігі тақырыппен баланысты мәлімдеме жасады.

2184944
Палестина әкімшілігі Газа секторына барады

Палестинаның «WAFA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Фатх қозғалысының орталық комитеті Аббастың төрағалығымен Рамаллада бас қосты.

Палестина басшысы Махмуд Аббас Палестина әкімшілігінің Газаға бару талпыныстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Палестинаның «WAFA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Фатх қозғалысының орталық комитеті Аббастың төрағалығымен Рамаллада бас қосты. Жиында Аббас Израильдің Газа мен Батыс Шериядағы шабуылдарын тоқтату үшін халықаралық және араб әлемінен қолдау алу мақсатында Ресей, Түркия және Сауд Арабиясына жасаған сапарлары туралы Орталық комитет мүшелерін хабардар етті. Аббас соғысты тоқтату және Палестина мемлекетінің Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалим сияқты Палестина жерінің ажырамас бөлігі болған Газадағы барлық міндеттерін атқару үшін Газаға жоспарланған сапарына талпыныстың жалғасып жатқанын білдірді.

Фатх қозғалысының орталық комитетінің мүшелері әлемнің барлық жетекшілері мен азат халықтарды «Израильдің Америка Құрама Штаттарының қолдауымен балаларды, әйелдерді және қарттарды өлтіруін» алдын алудың ең жақсы шешімі ретінде Газаға сапарын қолдауға шақырды.

Комитет мүшелері Батыс Шериядағы қалалар мен елді мекендерді басып алу, қантөгіс және ұжымдық жазалау саясатынан тайдыру үшін халықаралық қауымдастықтың шұғыл араласуына шақыру тастады. Комитет халықаралық құқықтық ұйымдарды Израиль түрмелерінде азаптауға және барлық түрдегі зұлымдыққа ұшыраған палестиналық тұтқындарға қатысты жауапкершіліктерін орындауға шақырды.

Палестина басшысы Аббас 15 тамыз күні Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің кезектен тыс жиналысында сөйлеген сөзінде Газаға бару туралы шешіміне тоқталып, «Ешбір шешім жолы қалмады, сондықтан мен және барлық Палестина әкімшілігінің мүшелері Газаға баруға шешім қабылдадық. Орындаймыз» деді. Аббас: «Газаға барамын, біздің өміріміз Газадағы балалардың өмірінен маңызды емес» деді. Палестина басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесін Газа секторына қауіпсіз жетулерін қамтамасыз етуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар