Италияда ереуіл

Римде қоғамдық көліктер жүрмей қалды.

2185059
Италияда ереуіл

Италияда қоғамдық көлік саласында жұмыс істейтіндер 8 сағаттық ереуілге шықты.

Елде қатынас саласындағы кәсіподақтардың шақыруымен жұмысшылар бүгін сағат 08.30 бен 16.30 арасында жұмысқа шықпады.

Кәсіподақтар мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсан күні аяқталған топтық келісімнің жаңаланбауына наразылық білдірді.  Римде жұмысқа шықпағандар алаңға жиналып, талаптарын жариялады.

Қала тұрғындары мен туристер ереуіл себебімен қаланың ішінде көлік тапшылығына ұшырады. Қалада үш метро желісі мен автобус рейстерінің барлығы тоқтап қалды. Көптеген адам жаңбырда күтті.

Осы арада елде кеше де теміржол жұмысшылары ереуілге шығып,  пойыздар тоқтап қалған еді.



Ұқсас жаңалықтар