АҚШ әскерлері екі жылда кетеді
Ирак Қорғаныс министрі осылай деп мәлімдеді.
Ирак Қорғаныс министрі Сабит Аббаси екі жыл ішінде Америка әскерлерін Ирактан шығару туралы Вашингтонмен келіскендерін мәлімдеді.
Аббаси «Al-Arabiya Al-Hadath» телеарнасына берген сұхбатында АҚШ әскерлерінің Ирактан шығарылуы мәселесіне тоқталды. Аббаси АҚШ әскерлерінің 2 жыл ішінде Ирактан шығарылатынын айтты.
"АҚШ бастаған коалиция күштерінің Ирактағы миссиясын екі кезеңде аяқтау туралы келісімге қол жеткізілді. АҚШ әскерлерін әкетудің бірінші кезеңі осы жылы басталып, 2025 жылға дейін жалғасады. Екінші кезеңі 2026 жылы аяқталады" деді ол.
Аббаси сонымен қатар АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің екі жылдық кезеңнің әскер әкету үшін жеткіліксіз екенін айтып, тағы бір жыл қосылуын сұрағанын, бірақ Бағдадтың бұл мерзімді 2 жылдан астам ұзартудан бас тартқанын атап көрсетті.
Ирак Қорғаныс министрі Аббаси Вашингтонмен әскерді әкету келісіміне жақында қол қойылатынын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Грузия азаматтары енді Ресейге визасыз барады
Грузия азаматтары Ресейге визасыз саяхат жасай алатын болады.