2,2 миллион адам көмекке мұқтаж
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы басшылары "атысты тоқтату керек" деді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Израиль аштық пен шөлге мәжбүрлеп, үлкен гуманитарлық апатқа ұшыратқан Газа секторындағы 2,2 миллион адамның әлі де шұғыл азық-түлік пен күнкөріс көмегіне мұқтаж екенін хабарлады.
БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Таяу Шығыс және Солтүстік Африка жөніндегі бөлімшесінің «X» әлеуметтік медиа платформасындағы жазбада Израильдің шабуылдарына ұшыраған Газа секторындағы 2,2 миллион адамның әлі де шұғыл азық-түлік пен күнкөріс көмегіне мұқтаж екені айтылды.
Хабарламада Израильдің «эвакуация бұйрықтары» Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының көмек жеткізу күш-жігеріне де кедергі келтіргені және көмекке мұқтаждықтың артқанына назар аударылып, «(Газада) атысты тоқтату керек» деп атап көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
2024 Нобель иелері анықталды
Медицина саласындағы осы жылғы Нобель сыйлығын Виктор Амброс пен Гари Рувкун алды.