Зеленский Сибиганы Сыртқы істер министрі қызметіне ұсынды

Сибига 2016-2021 жылдар аралығында Украинаның Анкарадағы елшісі қызметін атқарды

2183796
Зеленский Сибиганы Сыртқы істер министрі қызметіне ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский Сыртқы істер министрінің орынбасары және Анкарадағы бұрынғы елші Андрей Сибиганы Сыртқы істер министрі қызметіне ұсынды.

Украина парламентінің сайтында Зеленскийдің парламентке Сибиганы Сыртқы істер министрі етіп тағайындау туралы президент жарлығының жобасын ұсынғаны айтылған.

Сибига 2016-2021 жылдар аралығында Украинаның Анкарадағы елшісі қызметін атқарды.

Екінші жағынан украиналық депутат Ярослав Елезняк әлеуметтік желідегі парақшасында Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның отставкаға кетуін бүгін парламентте мақұлдағанын жариялады.

Парламент төрағасы Руслан Стефанчук 4 қыркүйектегі мәлімдемесінде Сыртқы істер министрі Кулебаның отставкаға кету туралы өтінішін парламентке тапсырғанын мәлімдеді.

Министр Кулеба 2020 жылдың 4 наурызынан бастап Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келді.



Ұқсас жаңалықтар