Рим Папасы Франциск Индонезияда

Рим Папасының 12 күндік Азия іссапары басталды.

2183333
Рим Папасы Франциск Индонезияда

          12 күндік Азия іссапарына шыққан католиктердің рухани жетекшісі және Ватикан басшысы Рим Папасы Францисктің алғашқы аялдамасы Индонезия болды. Кеше басталған Индонезия сапары аясында ол Мердека сарайында Президент Джоко Видодо және басқа да Индонезия билік өкілдерімен кездесті. Кездесуде Видодо Палестинаға көрсеткен қолдауы үшін Папаға алғыс айтты. Соғыстың ешкімнің мүддесіне қызмет етпейтінін айтқан Видодо «Соғыс бейбіт халыққа тек қасірет пен азап әкеледі» деді. Видодо халықтардың айырмашылықтарын назарға алу керектігін атап өтіп, бейбітшілік пен  ынтымақтастыққа шақырды.

          Ал Франциск Индонезияның мәдени әртүрлілігін «ешбір бөлігін өзгертуге болмайтын тамаша мозаика» деп сипаттады.

          Рим Папасы Джакартаның Бас соборында христиан дінбасыларымен де кездесті. Индонезияға 35 жылдан кейін барған алғашқы Рим Папасы Франциск VI Павел (1970 жылы) және Иоанн Павелден (1989 жылы) кейін осы елге барған үшінші папа болды.

          5 қыркүйек күні Оңтүстік-Шығыс Азияның ең үлкен мешіті Джакартадағы «Истиклал» мешітіне баратын Рим Папасы елдегі католиктермен де кездеседі. Сол күні Рим Папасы Гелора Бунг Карно стадионында салтанатты жиын өткізеді. 6 қыркүйекте Джакартадан Папуа-Жаңа Гвинеяға баратын Папаның Шығыс Тимор мен Сингапурға да сапары жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар