Жаңа Зеландияда туристік жарна қымбаттайды
Жаңа Зеландия туристік жарна мөлшерін 200 пайызға арттыратынын мәлімдеді.
Жаңа Зеландия туристік жарна мөлшерін 200 пайызға арттыратынын мәлімдеді. «The New Zealand Herald» газетінің хабарлауынша Жаңа Зеландия туристік жарнаны көтеру туралы шешім қабылдады.
Үкімет 1 қазаннан бастап жарнаның шамамен 200 пайызға, яғни 35 Жаңа Зеландия долларыннан (шамамен 22 доллар) 100 Жаңа Зеландия долларына (шамамен 62 доллар) қымбаттайтынын хабарлады.
Туризм министрі Мэтт Дуси халықаралық туризмнің ел экономикасында маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, төлемді көтеру арқылы елдің туристік шығындарына пайда әкелуді көздейтіндерін айтты. Туристік жарнаның қымбаттауы елге келетін турист санын төмендетуі мүмкін деген алаңдаушылыққа қарсы шыққан министр «Жаңа Зеландия жарнаға қарамастан туристер үшін қолжетімді болып қала береді» деді.
Австралия, Жаңа Зеландия азаматтары мен аталмыш елдерде тұруға рұқсаты барлар және кейбір Тынық мұхиты елдерінің төлқұжаты бар транзиттік жолаушылар Жаңа Зеландияға кіру үшін ақы төлемейді.
Кіру жарнасы электронды саяхат рұқсаты алғанда немесе визаға өтініш берген кезде төленеді.