Германиядағы сайлау бюллетеньдерінің бұрмаланғаны анықталды

Дрезден полиция департаменті мәлімдеме жасады.

2183263
Германиядағы сайлау бюллетеньдерінің бұрмаланғаны анықталды

Германияның Саксония штатында 1 қыркүйекте өткен жергілікті мәслихат сайлауында бюллетеньдердің қолдан жасалғаны хабарланды.

Дрезден полиция департаменті жасаған мәлімдемеде Саксония жергілікті мәслихаты сайлауына пошта арқылы берілген дауыстарды санау кезінде Дрезден қаласындағы екі сайлау округінде бұрмаланған бюллетеньдер анықталғаны айтылды.

Белгісіз кісілер тарапынан сайлаушылардың бюллетеньдегі таңдау белгісін «бұзып», орнына оңшыл Еркін Саксония (Фри Саксен) партиясын белгілегені хабарланды.

Шамамен 100-ге жуық дауыстың осылайша өзгертілгені және бұл мәселе бойынша тергеу басталғаны атап өтілді.

Сайлау бюллетеньдері «бұзылған» №36012 сайлау округінде радикал оңшыл Еркін Саксония партиясы дауыстардың 10,2 пайызын жинады. Партия штат бойынша 2,2 пайызға жетті.

Елдің ішкі барлау мекемесі мен Германияның Конституцияны қорғау кеңсесі Еркін Саксония партиясын радикал оңшыл бір құрылым болғаны себепті бақылап отырады.



Ұқсас жаңалықтар