Газада 189 мыңнан астам балаға полиомиелитке қарсы екпе егілді

ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2183297
Газада 189 мыңнан астам балаға полиомиелитке қарсы екпе егілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторының орталығында 1 қыркүйек күні басталған «полиомиелитке қарсы екпе науқаны» аясында 189 мыңнан астам баланың егілгенін хабарлады.

Гебрейесус «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған хабарламада Газа секторында жүріп жатқан науқан туралы ақпарат бөлісті.

Газа секторының орталығында полиомиелитке қарсы екпенің бірінші кезеңінің аяқталғанын жариялаған Гебрейесус «10 жасқа дейінгі 189 мыңнан астам балаға екпе салынды. Бұл 156 мың 500 бала нысанасынан әлдеқайда жоғары» деді.

Гебрейесус бұл аймақта екпе егілмеген бала қалмауы үшін 4 тұрақты орталықта егу жұмыстарының тағы 3 күн бойы жалғасатынын атап көрсетті.

Газа секторындағы қиын жағдайға қарамастан науқанның осы сатысын сәтті аяқтаған барлық отбасыларға, медицина қызметкерлеріне және екпе қызметкерлеріне талпыныстары үшін алғыс айтамыз» деген Гебрейесус тараптарды «атысты тоқтатуға» және соғыс қимылдарын гуманитарлық үзіліс жасау жөніндегі міндеттемелерін орындап жалғастыруға шақырғанын қайталады.

ДДСҰ Палестина Денсаулық сақтау министрлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (UNICEF) және БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс жөніндегі агенттігімен (UNWRA) бірлесіп, Газа секторындағы 10 жасқа дейінгі 640 мыңнан астам баланы қамтитын полиомиелитке қарсы екпе науқанын бастады.

ДДСҰ Газа секторының орталық бөлігінде орналасқан Дейр әл-Белахта 1 қыркүйек күні басталған екпе науқанының 4 қыркүйекке дейін жалғасатынын хабарлады.

Израиль шабуылдары жалғасып жатқан Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласында 10 жасқа дейінгі балаларға полиомиелитке қарсы екпе науқаны 31 тамыз күні кешке басталған еді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі 16 тамызда Газа секторында полиомиелиттің алғашқы оқиғасының анықталғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар