Босқындар мінген қайық батып кетті

Апатта 12 адам қаза тапты.

2183165
Босқындар мінген қайық батып кетті

Франция мен Англия арасындағы Ла-Манш арқылы өтпек болған заңсыз босқындар мінген қайық суға кетіп, 12 адам қаза тапты.

Франция теңіз әкімшілігі 50-ден астам заңсыз босқын мінген қайықтың елдің Ла-Манш жағалауындағы Булон-сюр-Мер жағалауында аударылғанын хабарлады.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Джеральд Дарманин өз парақшасында да жазды. Дарманин сондай-ақ көптеген адам жарақат алғанын білдірді.

Төңкерілген қайықтағы босқындарды құтқару үшін аймаққа құтқару және жағалау күзеті топтары жөнелтілді.

Бұл оқиға осы жылы Ла-Манш каналында тіркелген «ең көп өлім тіркелген босқын апаты» деп сипатталды.

Жыл басынан бері Ла-Маншты кесіп өтпек болған 25 заңсыз босқын қаза тапты.

Өткен жылы 30 мыңға жуық босқын Ла-Манш арқылы өтіп, Франциядан Англияға жетті. Осы екі ел  заңсыз босқын ағынының алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге келісті.



Ұқсас жаңалықтар