Нетаньяху: "Филадельфи дәлізінен кетпейміз"

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху кабинет отырысының артынан мәлімдеме жасады.

2182586
Нетаньяху: "Филадельфи дәлізінен кетпейміз"

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 42 жыл өтсе де, Газа-Мысыр шекара желісінде басып алынған «Филадельфи дәлізінен» кетпейтіндерін білдірді.

Израильдің «12 телеарнасы» жариялаған хабарға қарағанда Нетаньяху кабинет отырысында Израиль армиясы басып алған Газа-Мысыр шекара желісіндегі «Филадельфи» дәлізіне тоқталды.

«Филадельфи дәлізінен не 42 күн, не болмаса 42 жылдан кейін шегінбейміз» деген Нетаньяху Филадельфи дәлізінің Израильдің қауіпсіздігі үшін маңызды екенін, сондықтан ол жерде мәңгі қалу керектігін атап көрсетті.

Палестиналық топтармен тұтқын алмасу келісіміне қол жеткізу үшін үкіметке қысым жасау мақсатында ұйымдастырылған шерулерге наразылық көрсеткен Нетаньяху шерулерді «ұят» деп бағалап, мұның Хамасқа пайда әкелгенін алға тартты.

Нетаньяхудың «42 күн» мәлімдемесімен Израиль және Хамас арасындағы жанама келіссөздерде күн тәртібіне қойылған «атысты тоқтату келісімінің 42 күндік бірінші кезеңіне» сілтеме жасағаны атап көрсетілді.

Премьер-министр Нетаньяху баспасөз мәслихатында Газаға жасалған шабуылдардың Филадельфи дәлізі арқылы мақсатына жеткенін атап, «Біз бұл жерден кетпейміз. Барша осында қалуды талап ету керекпіз» деді.

Қорғаныс министрі Йоав Галлантқа сілтеме жасап, өткен апта Газа секторында 6 израильдік тұтқынның мәйіті табылғаннан кейін кейбір израильдік лауазымдылардың «Филадельфи дәлізіндегі» басқыншылықты тоқтатуға жөніндегі мәлімдемесін естігенде «таңқалғанын» атап көрсеткен Нетаньяху шешімнің министрлер кабинетінде қабылданғанын және оның «барша үшін міндетті» екенін айтты.

Премьер-министр Нетаньяху Газада атысты тоқтату және тұтқындарды айырбастау келісіміне қол жеткізуге толықтай ынталы екендерін, дегенмен Хамас қозғалысының ұқсас ұстаным көрсетпегенін білдірді.

Сондай-ақ өзі мен үкіметке бағытталған наразылық және сындарға тоқталған Нетаньяху «Израильдік тұтқындарды құтқару үшін ешкім мендей шынайы емес. Бұл туралы маған ешкім ештеңе айта алмайды» деді.

Израиль армиясы Газа секторының Рафах қаласындағы бір туннельден израильдік 6 тұтқынның мәйітін тапқанын хабарлаған болатын.

Хамас болса израильдік 6 тұтқынның «Израильдің Палестина халқын Америка қаруларымен қырғынға ұшыратқан бомбалауда» қаза тапқанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар