Израиль Құрлық күштері қолбасшысы Тамир Ядай отставкаға кетті
Израиль армиясындағы ыдырау жалғасуда.
Газа секторындағы «геноцидті» жасағандардың бірі Құрлық күштері қолбасшысы генерал Тамир Ядай отставкаға кетті.
«The Times of Israel» газетінің хабарына қарағанда Израиль армиясында 3 жылдан бері Құрлық күштері қолбасшысы қызметін атқарған генерал Ядайдың жеке себептермен қызметінен кеткені білдірілді.
Хабарда Бас штаб төрағасы Герци Халеви және Қорғаныс министрі Йоав Галланттың отставкаға кету өтінішін бекіткені хабарланды.
Ядайдың орнына тағайындалатын қолбасшы анықталғанша өз міндетін жалғастыратыны, дегенмен еңбек демалысында болатыны айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Гаитиліктер елдеріне қайтарылады
Апта сайын 10 мыңға жуық Гаити азаматының кері қайтарылатыны жарияланды.
Газада аштық қайта күшейіп жатыр
Тамыз айында 1 миллион, қыркүйекте 1,4 миллион газалық азық-түлік көмегін ала алмаған.