Голландия премьер-министрі Украинаға барды
Украина президенті Зеленский Голландия премьер-министрі Дик Шуфпен Запорожье қаласына барды.
Украина президенті Владимир Зеленский Украина армиясының тамыз айында Ресейдің Курск аймағына бағытталған операциясының жоспарланғандай жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Зеленский Украинаға ресми сапармен келген Голландия премьер-министрі Дик Шуфпен бірге Запорожье қаласына барды.
Зеленский бірлескен баспасөз мәслихатында Украинаға қолдаудың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін нығайтып, Ресейдің шабуылдарын болдырмау үшін F-16 әскери ұшақтары және әртүрлі қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастыру керектігін атап көрсетті.
Тақырыппен байланысты Шуфқа тиісті мәліметтерді бергендерін айтқан Зеленский батыс елдері шығарған ұзақ атымды қарулардың Ресейдегі әскери нысаналарға қарсы қолдану туралы тыйымдарды алып тастау және мұндай қарларға қол жеткізу үшін жұмыстарды жалғастырғандарын атап көрсетті.
Украина армиясының Ресейдің Курск аймағына тамыз айында бастаған операциясының жоспарлы түрде жалғасып жатқанын білдірген Зеленский Курск операциясының Ресей армиясының Украинаның Донецк аймағындағы шабуылдарын азайту тұрғысынан да маңызды екеніне назар аударды.
Ресейдің мақсатының Донецк және Луганск аймақтарын толығымен басып алу екенін, оған байланысты ең мықты әскери бөлімдерін де бұл жерде орналастырғанын айтқан Зеленский Ресей армиясының соңғы екі күнде Покровск қаласына қарай ешқандай ілгерілемегенін білдірді.
Зеленский Курск аймағында 600-ден астам ресейлік сарбазды тұтқындағанын және мұның Ресей-Украина арасында жалғасып жатқан тұтқын алмасу процесі үшін маңызды екенін атап өтті.
Голландия премьер-министрі Шуф болса «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Украинаға қолдау процесіне тоқталып «Украина Голландияның тұрақты қолдауына сенсін. Украинаның болмысын жалғастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек» деді.
Голландияның Украинаға 200 миллион еуродан асатын жаңа көмек пакетін дайындағанын атап көрсеткен Шуф «Бұл пакет негізінен энергетикалық инфрақұрылымды қорғап, қалпына келтіруге назар аударады және гуманитарлық көмек үшін қосымша қаражатты қамтиды» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Грузия азаматтары енді Ресейге визасыз барады
Грузия азаматтары Ресейге визасыз саяхат жасай алатын болады.