Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарында 2 адам қаза тапты
Ливан Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады.
Израильдің Ливанның оңтүстігіндегі шекаралас ан-Накура ауданына барар жолда бір көлікке жасаған әуе шабуылынан 2 адам қаза тапты.
Ливан Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Дұшпан Израильдің Накура қаласында бір көлікке жасаған әуе шабуылында екі адам шәйіт болды» делінді.
Ливанның ресми ақпарат агенттігі «NNA»-ның хабарына қарағанда пилотсыз ұшақтың ан-Накура жолында келе жатқан көлікті нысанаға алғаны айтылған болатын.
Израиль қоғамдық хабар тарату мекемесі «KAN»-ның хабарына қарағанда Ливаннан атылған танкке қарсы зымыранмен Израильдің Жоғары Желиле аймағындағы Авивим елді-мекенінде бір үйдің атылғаны білдірілді.
Хабарда аталмыш тұрғын ауданда ауыр материалдық шығын болғаны атап өтілді.
Израильдің 12-канал телеарнасының хабарына қарағанда Израильдің солтүстігіндегі көптеген елді мекендерге Ливаннан көптеген зымыран атылғаны айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Кипр тараптары 15 қазанда кездеседі
БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Кипр тараптарының кездесуі туралы хабар берді.