"Армия ел шекарасынан аспайды" деді
Александр Лукашенко Беларусьтің «Белта» ақпарат агенттігіне мәлімдеме жасады.

Беларусь президенті Александр Лукашенко шабуыл жасалған жағдайда ғана соғысатындарын және армияның ел шекарасынан аспайтынын мәлімдеді.
Александр Лукашенко Беларусьтің «Белта» ақпарат агенттігіне мәлімдеме жасады.
Беларусь әскерін шекарадан тыс жерге соғысуға жібермейтіндерін айтқан Лукашенко «Елімізден кетуге бұйрық болған жоқ, болмайды да. Жау бізге жаман ниетпен келсе ғана күресеміз»- деді ол.
Украина Сыртқы істер министрлігі Беларусьтің жаттығу деген атпен шекарада сарбаздары мен техникасын жинап жатқанын мәлімдеп, шекараны бұзған жағдайда оларды нысанаға алатынын ескерткен еді.
Басқа жағынан Беларусь Қорғаныс министрлігі 26 тамыз күні жаттығу үшін Ресейге зымыран және артиллериялық бөлімшелер жіберілгенін хабарлаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Илон Маск «OpenAI»-ды сатып алғысы келеді
Сэм Альтман Масктың 97,4 миллиард долларлық «OpenAI» ұсынысынан бас тартты.

Румыния президенті импичментті болдырмау үшін отставкаға кетті
Сенат спикері Илие Боложан мамырдағы сайлауға дейін уақытша президент қызметін атқарады.