Газада тағы 43 бейбіт тұрғын қаза тапты

Израиль  жаулау астындағы  Батыс Шерияны қанға бояп жатыр.

2180742
Газада тағы 43 бейбіт тұрғын қаза тапты

Израиль армиясының Газа секторына күні бойы жалғасқан әуе шабуылы кесірінен тағы 43 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Газа Азаматтық қорғаныс басқармасының баспасөз хатшысы Махмуд Басал жазбаша мәлімдемесінде Израиль армиясының түрлі түйіндерге жасаған 5 әуе шабуылында кемінде 18 бейбіт тұрғынның жарақат алғанын айтты. Сондай-ақ  Газа аймағының орталық бөлігіне 4 әуе шабуылы жасалғанын білдірді.

Израиль соғыс ұшақтарының Хан Юнус қаласында 3 түйінді бомбалағанына назар аударған Басал бұл әуе шабуылдарында кемінде 13 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын және көптеген адамның жараланғанын баяндады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз мәслихатында Израильдің Газадағы ауруханаларға соңғы аптада 5 рет жанармай беруден бас тартқанын айтты.

Израиль әскері Нусейрат босқындар лагеріне жасалған шабуылда тағы бір журналисті өлтірді. Осылайша Газа секторында қаза тапқан журналистер саны 172-ге жетті.

Израиль  жаулау астындағы  Батыс Шерияны қанға бояп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар