Зеленский екінші бейбітшілік саммит туралы мәлімдеме жасады
Зеленский Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің Киевке сапарынан кейін үнді журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей-Украина соғысына қатысты екінші Украина бейбітшілік саммитінің «Жаһандық Оңтүстік» елдерінде өтуінің дұрыс екенін және Түркия, Сауд Арабиясы және Катар сияқты елдермен байланыста болғанын айтты.
«Укринформ» агенттігінің хабарлауынша, Зеленский Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің Киевке сапарынан кейін үнді журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Ресей-Украина соғысына қатысты екінші Украина бейбітшілік саммитінің «Жаһандық оңтүстік» елдерде өтуінің дұрыс екеніне назар аударған Зеленский «Сауд Арабиясы, Катар және Түркия сияқты елдермен біз екінші саммит үшін кездесіп жатырмыз» деді.
Зеленский Үндістанның да саммитті өткізе алатынын айтты және «Алайда мен бұл жағдайдың тек Үндістанға ғана емес, екінші саммитке оң көзқарастағы барлық адамдарға қатысты екенін анық айтқым келеді» деді.
16 маусымда Швейцария ұйымдастырған Украина бейбітшілік саммитіне Ресей шақырылмады. 90-нан астам ел мен ұйымның қатысуымен өткен саммит Бюргенсток декларациясының қабылдануымен аяқталған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Йеменде 22 миллионнан астам адам көмекке мұқтаж
Соғыс және қолайсыз ауа райы салдарынан зардап шеккен Йемен қиын жағдайда қалды.