Лукашенко соғысты тоқтату жайлы үндеу тастады

Беларусь президенті Александр Лукашенко «Бұл соғыс орыс халқына да, украин халқына да және белорустарға үлкен апат әкеледі» деді.

2176276
Лукашенко соғысты тоқтату жайлы үндеу тастады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Украина соғысын тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруға шақырды. «Россия-1» арнасына Евгений Поповқа берген сұхбатында Лукашенко «Келіссөз үстеліне отырып, осы жекпе-жекті аяқтайық. Бұл соғыс орыс халқына да, украин халқына да және белорустарға үлкен апат әкеледі» деді.

Лукашенко сонымен қатар қақтығысты ұзарту Батыс саясаткерлерінің мүддесі екенін айтты.

Лукашенко«Бұл соғыс олардың игілігі үшін. Кейбір жабық орындарда және жоғары деңгейде ашық айтылып жатыр» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар