Ресей Белгород облысында «федералдық төтенше жағдай» жариялады
Ресей Төтенше жағдайлар министрі Александр Куренков мәлімдеме жасады.
Ресей Төтенше жағдайлар министрі Александр Куренков Украина армиясының шабуылдарынан Белгород облысындағы жағдайдың «федералдық төтенше жағдай» деңгейіне көтерілгенін мәлімдеді.
Белгород облысындағы жағдайға байланысты өткізген жиында Куренков украиндық күштердің жиі шабуылына ұшыраған аймақ халқына қолдау көрсету үшін күш-жігер жұмсалғанын, бірақ мұның жеткіліксіз екенін айтты.
Куренков аймақтағы жағдайдың «қиын» және «шиеленісті» екенін айтып, жағдайды «федералдық төтенше жағдай» деңгейіне дейін көтеруге шешім қабылдағандарын мәлімдеді.
Ресейдің Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Telegram арнасында жасаған мәлімдемеде Украина армиясының аймақтағы Шебекино қаласына пилотсыз әуе көліктерімен жасаған шабуылында 4 адамның жараланғанын және бірнеше ғимараттың зақымданғанын білдірді.
Ресей-Украина шекарасындағы Белгород облысында украин әскерлері жасаған кешегі шабуылдардың салдарынан «аймақтық төтенше жағдай» жарияланған еді.