Мәскеу Киевтен ресейлік тұтқын әскерлерді айырбастауды сұрады
Украина парламентінің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец мәлімдеме жасады.
Мәскеу Киевтен Курск аймағында тұтқынға алынған ресейлік әскерлерді айырбастауды сұрады.
Украина парламентінің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец бұл келіссөздерге Ресей атынан Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі лауазымдысы Татьяна Москалькова қатысқанын мәлімдеді.
Любинец Ресей тұтқындарының жағдайы туралы Халықаралық Қызыл Крест комитеті мен БҰҰ-ға хабарлағанын білдірді.
«Financial Times» газеті де Мәскеу мен Киев арасында тұтқындарды айырбастау жөніндегі келіссөздер үдерісінің басталғаны туралы Украина әскери барлауына сілтеме жасап хабар таратты.
«Financial Times» Курск облысында жүздеген ресейлік сарбаздың тұтқынға алынған болуы мүмкін деп жазса, «Independent» газеті Украинаның жоғары лауазымды әскери басшыларының мәлімдемелеріне сілтеме жасап, ресейлік тұтқындар санының 2 мыңға жуық екенін жазды.