Әл-Акса мешітіне жасалған басқын наразылықтарды арттырды

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак мәлімдеме жасады.

2175384
Әл-Акса мешітіне жасалған басқын наразылықтарды арттырды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) израильдік екі министрдің фанат еврей топтарымен бірге Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына байланысты қасиетті орындарға қатысты мәртебенің өзгертілуіне қарсы екенін білдірді.

БҰҰ баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак күнделікті баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Хак кеше Әл-Ақса мешітіне жасалған басқын туралы қойылған бір сұраққа «Біз қасиетті орындарға қатысты мәртебені өзгертуге қарсымыз» деді.

«Иерусалимдегі басқа қасиетті орындар сияқты әл-Ақса мешітін де өз алдына қалдыру керек және орындар үшін қазіргі діни органдардың бақылауында болуы керек» деген Хак мұндай мінез-құлықтың «жұмысты жеңілдетпейтінін» және «өте арандатушылық» екенін мәлімдеді.

ЕО Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель болса жүздеген фанат еврейдің Әл-Ақсаға жасаған шабуылын айыптап, бұл әрекетті «арандатушылық» деп атады.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) рейдті «қабылданбайды» деп бағалады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының орынбасары Ведант Пател Газада атысты тоқтату келіссөздеріне қатысты қиын процесс жүріп жатқанымен, әл-Ақса мешітіне қарсы әрекеттің жағдайды одан да қиындататынына назар аударды.

АҚШ-тың баспасөз хатшысы «Ашық айтайын, АҚШ-тың Иерусалимдегі қасиетті орындардың мәртебесін қорғау туралы көзқарасы анық. Бұл мәртебеге қауіп төндіретін мұндай біржақты әрекеттерге жол берілмейді» деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де фанатик еврейлердің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына наразылық білдірді.

АҚШ-тың Иерусалимнің тарихи мәртебесін елемейтін бұл әрекетке қарсы екенін білдірген министр Блинкен бұл арандатушы әрекеттің Хамас пен Израиль арасында атысты тоқтату келісіміне қол жеткізу, тұтқындарды босату және аймақтық тұрақтылық үшін қажетті жағдайларды жасау мақсатты дипломатиялық күш-жігерге назар аударып отырған бір кезеңде шиеленісті одан әрі ушықтыратынын атап өтті.

Израиль Ұлттық қауіпсіздік министрі, радикал оңшыл Итамар Бен-Гвир мен Неджеф және Джелиле даму министрі Ицхак Васерлауфқа қоса Израиль парламентінің кейбір мүшелері жүздеген фанат евреймен бірге басқыншылық астындағы Иерусалимнің шығысындағы Әл-Ақса мешітіне рейд жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар