Газада тағы 21 бейбіт тұрғын қаза ажал құшты

Израиль шабуылдарында қаза тапқандардың көпшілігі балалар мен әйелдер.

2175438
Газада тағы 21 бейбіт тұрғын қаза ажал құшты

Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылының 312-ші күні кем дегенде 21 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Израиль армиясы түні бойы Газа секторының әртүрлі бөліктерін бомбалады.

Израильдің Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласында бір үйді бомбалауында кемінде 4 бейбіт тұрғын, Хан Юнустің шығысындағы Бени Сухейла қаласында 2 бейбіт тұрғын мергендердіңғ оғынан  оқтан қаза тапты.

Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы Тель-Сұлтан төңірегіне жасалған шабуылда кемінде 3 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды.

Израиль әскери ұшақтары Газа секторының орталық бөлігіндегі Нусайрат босқындар лагерінде Әбу Неда отбасына тиесілі үйді бомбалады.

Әуе соққысынан кейін үйіндіге айналған үйде 7 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды.

Газаның орталық бөлігінде орналасқан Мегази босқындар лагеріндегі бір үйге жасалған әуе шабуылында 3 палестиналық қаза тауып, көптеген адам жарақат алды.

Газаның солтүстігіндегі Бейт Лахия аймағында бір үйдің нысанаға алынуы салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза тапты.

Израиль әскері де артиллериялық оқпен Газаның солтүстігіндегі Сабра және Зейтун аудандарын нысанаға алды.

Израиль шабуылдарында қаза тапқандардың көпшілігі балалар мен әйелдер.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 39 мың 929 палестиналық қаза тауып, 92 мың 240 адам жараланды.

Үйінділер астында әлі мыңдаған өлі бар екені хабарланғануда. Адамдар паналаған ауруханалар мен оқу орындарын нысанаға алып, азаматтық инфрақұрылым да жойылуда.



Ұқсас жаңалықтар