Газа секторында қаза тапқандар саны 39 мың 965-ке жетті
Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі шабуылдар туралы мәлімдеме жасады.
Израиль армиясының Газа секторына 7 қазан күнінен бері жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 39 мың 965-ке жетті.
Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған мәлімдемеде Израильдің Газа секторына 313 күннен бері жасаған шабуылдары туралы мәлімет берілді.
Мәлімдемеде Израиль армиясының соңғы 24 сағатта Газаның әртүрлі аймақтарына жасаған шабуылдарында 2 қырғын жасағаны және бұл шабуылдарда тағы 36 палестиналықтың қаза тауып, 54-інің жараланғаны атап көрсетілді.
Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар санының 39 мың 965-ке, жаралылар санының болса 92 мың 294-ке жеткені аталды.
Мәлімдемеде үйінділер астында және жол бойында әлі де өлген адамдар бар екені, бірақ Израиль күштерінің кедергісі салдарынан медициналық топтар мен азаматтық қорғаныс өкілдерінің мәйіттерге жете алмағаны баса айтылды.