Байден Газада атысты тоқтату талпынысынан бас тартпайтынын мәлімдеді
АҚШ Президенті Джо Байден Нью-Орлеанға сапарында баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады.
2175423
АҚШ президенті Джо Байден Газа секторындағы Израиль мен Хамас арасындағы атысты тоқтатудың барған сайын қиындап бара жатқанын, бірақ одан бас тартпағанын айтты.
Байден Нью-Орлеанға сапарында баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады.
Байден Газадағы атысты тоқтату туралы сұраққа «Барған сайын қиындап барады, бірақ мен бас тартпаймын» деп жауап берді.
31 шілде күні Хамастың бұрынғы басшысы Исмаил Ханияның өлтірілуіне байланысты Иранның Израильге қарсы шабуыл жасауын бақылап жатқандарын атап көрсеткен Байден егер атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілсе, Иран шабуыл жасаудан бас тартады деп үміттенетінін айтты.