Киев пен Вашингтон Ресейде "ATAMCS" зымырандарын қолдану мәселесін талқылады
АҚШ Сыртқы істер министрлігі ресми өкілі Ведант Пател мәлімдеме жасады.
Киев пен Вашингтон Ресей Федерациясының ішкі аймақтарына соққы бере алатын «ATACMS» зымырандарын қолдануға қатысты дипломатиялық келіссөздерді талқылады.
YouTube-да жарияланған баспасөз мәслихатында аталмыш мәлімдемені жасаған сайтында жарияланған баспасөз мәслихатында АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының орынбасары Ведант Пател жасады. Пател «Украиналық әріптестерімізбен дипломатиялық келіссөздеріміздің егжей-тегжейіне тоқталмаймын» деді.
Екінші жағынан Украина Қорғаныс министрі Рүстем Умеров француздық әріптесінен Парижден жеткізілген қаруды Ресейдің нысандарына қарсы қолдануға рұқсат сұрады.
Умеров әлеуметтік желіде «Франция Қорғаныс министрі Себастьян Лекорнумен нәтижелі бір сұхбат жасадық. Жау аумағындағы әскери нысандарға тыйым салуды алып тастауды талап еттім» деді.
Сондай-ақ «The Telegraph» басылымына премьер-министр Кейр Стармердің өкілінің хабарлауынша сейсенбі күні Украина Ұлыбританиядан Курск аймағында «Storm Shadow» зымырандарын қолдануға рұқсат ала алмады.
Өкіл «Ұлыбритания жеткізген қарулардың тек Украинаның қорғанысы үшін ғана пайдалануға болатынын нық айттық» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль Газаға әуе шабуылы жасады
Палестинаның ресми агенттігі «WAFA» шабуылда 2 палестиналықтың қаза тапқанын білдірді.