Хоуситтер жаңа кабинет құрды
Хоуситтер Ахмед Галиб әл-Рахви басшылық жасаған 22 министрден тұратын жаңа үкіметтің құрылғанын жариялады.
Йеменде Иран қолдау беретін хоуситтер жаңа министрлер кабинетінің құрылғанын жариялады.
Хоуситтер Ахмед Галиб әл-Рахви басшылық жасаған 22 министрден тұратын жаңа үкіметтің құрылғанын жариялады.
Хоуситтерге қарасты SABA ақпарат агенттігінің хабарлауынша Хоуситтердің Жоғары саяси кеңес басшысы Махди әл-Машат премьер-министр Абдулазиз Хабтурдың орнына Ахмед Галиб әл-Рахвиге «өзгеріс және құрылыс үкіметін» құруды тапсырды.
«Қазіргі шарттар және ең жоғары ұлттық мүдделерге сәйкес» жаңа бір үкімет құру туралы шешім қабылданғаны атап көрсетілген хабарда, жаңа кабинеттің 22 адамнан тұратыны атап көрсетілді.
Йеменде Иран қолдайтын хоуситтер 2014 жылдың қыркүйек айынан бері бас қала Сана мен кейбір аймақтарды бақылауда ұстауда.
Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштері 2015 жылдың наурыз айынан бері хоуситтерге қарсы Йемен үкіметіне қолдау көрсетуде.