Франциядан Израильге Норвегия наразылығы
Франция Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
Франция Израильдің норвегиялық дипломаттардың аккредитациясының жойылуына «қатты алаңдаушылық» білдірді..
Франция Сыртқы істер министрлігі Израиль басып алған Палестина жерлеріндегі Норвегия өкілеттігінде жұмыс істейтін дипломаттардың Израильдің аккредитацияларын жоюына байланысты жазбаша мәлімдеме жасады..
Мәлімдемеде Израильдің Палестина әкімшілігімен жұмыс істейтін норвегиялық дипломаттардың аккредитациясын жою туралы шешіміне «терең алаңдаушылық» бар екені атап көрсетілді.
Мәлімдемеде сондай-ақ екі мемлекетті шешімнің израильдік және палестиналықтар үшін тұрақты бейбітшілікке кепілдік беретіні де айтылды.
8 тамыз күні Израиль Палестина мемлекетін мойындағанын жариялаған Норвегияның Палестинадағы дипломатиялық өкілеттігінің аккредитациясынан бас тартқанын хабарлады.
Норвегия 28 мамыр күні Палестина мемлекетін ресми түрде мойындағанын жариялаған еді. Израиль болса Палестина мемлекетін ресми түрде мойындаған Ирландия мен Норвегиядағы елшілерін елге шақырған болатын.
Норвегия болса Ирландия және Испаниямен бір мезгілде мойындауға шешім қабылдаған соң Палестина мемлекетін мойындаған ел саны 146-ға жетті.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль Газаға әуе шабуылы жасады
Палестинаның ресми агенттігі «WAFA» шабуылда 2 палестиналықтың қаза тапқанын білдірді.