Үндістан піл шабуылдарына қарсы жаңа бағдарлама әзірледі

“Aaranyak” атты биоәртүрлілік ұйымы әзірлеген бағдарлама арқылы пілдерге қарсы адамдарға ескерту жасалады.

2174244
Үндістан піл шабуылдарына қарсы жаңа бағдарлама әзірледі

Үндістанда адамдарды пілдердің шабуылынан қорғау үшін жаңа бағдарлама әзірленді.

BBC агенттігінің хабарлауынша “Aaranyak” атты биоәртүрлілік ұйымы әзірлеген бағдарлама арқылы пілдердің жақындауы туралы адамдарға ескертеді.

Піл шабуылдары жиі орын алатын Үндістанда өлім-жітімнің алдын алу үшін әзірленген бағдарламаны елдегі піл саны ең көп болған Ассам уәлаятында қолдану жоспарлануда.

«Hindustan Times» газетінің мәліметтері бойынша 2020-2024 жылдар аралығында Үндістанда пілдер мың 701 адамды өлтірген.

Дүниежүзілік табиғат қорғау қорының (WWF) мәліметтеріне қарағанда, жыл сайын шамамен жарты миллион отбасы пілдердің егінді талан-таражға салуынан зардап шегеді.

WWF мәліметтері бойынша табиғатта азиялық пілдердің саны 50 мыңнан аз.



Ұқсас жаңалықтар