Махмуд Аббас Анкараға келеді
Палестина президенті Махмуд Аббас 14-15 тамыз күндері Түркияға келеді.
Президент Режеп Тайып Ердоған 5 айлық үзілістен кейін Аббаспен бас қала Анкарадағы Президенттік сарайда бас қосады.
Ердоған-Аббас кездесуінде Израильдің Газа секторындағы қырғындары, аймақтағы гуманитарлық дағдарыс және атысты тоқтату ізденісі күн тәртібіне келеді. Иран-Израиль арасындағы шиеленістен бастап, аймақтағы дау-дамайлар да талқыланады.
Махмуд Аббас 15 тамыз күні Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) Жалпы кеңесінде үн қатады.
Аббастың Мәжіліске үндеуі 31 шілде күні Хамас басшысы Исмаил Ханияның өлтірілуінің артынан Түркияның Палестинаға қолдауының тағы бір мәрте одан күшті жариялануы дегенді білдіреді.
Израильдің қырғындарына қатал наразылық білдірген Жалпы Кеңес мұның алдында Палестинаға қолдауын жариялаған, бұл тақырыпта ТҰҰМ басшылығының ұсынысы қабылданған болатын.