Хизбулла қозғалысы Израильге шабуыл жасады

Хизбулла қозғалысы Израиль армиясының әскери базасына шабуыл жасады.

2174130
Хизбулла қозғалысы Израильге шабуыл жасады

Хизбулла қозғалысы шекаралық аймақта орналасқан Израиль армиясының әскери базасына 30 Катюша зымыранымен шабуыл жасады.

Хизбулланың ресми «Telegram» аккаунтында жасалған мәлімдемеде мұның Израиль күштерінің Ливанның оңтүстігіне жасаған шабуылдарына кек алу екені айтылды.

Мәлімдемеде солтүстіктегі Гатун казармасында орналасқан Израиль армиясының 146-шы бригадасының «ондаған Катюша зымырандарымен атылғаны» атап өтілді.

Израиль армиясы шабуылға байланысты мәлімдемесінде Ливанның оңтүстігінен Израильдің солтүстігіндегі Кабри аймағына 30 «Катюша» зымыранының атылғанын, зардап шеккендердің болмағанын  білдірді.



Ұқсас жаңалықтар