Белгород облысында эвакуациялау жалғасуда

Ресейдің Белгород облысының тағы бір ауданында эвакуация жарияланды.

2174358
Белгород облысында  эвакуациялау жалғасуда

Ресейдің Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков 12 тамызда Украинамен шекараға жақын Краснояружск ауданында халықты эвакуациялау басталғанын хабарлады.

Гладков мәлімдемесінде «Бізде мазасыз таң. Краснояружск ауданының шекарасында жаудың белсенділігі байқалады. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудан тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіре бастаймыз»  деді.

Украин әскерінің бір бөлімі аталған аудандағы ауылдардың бірі Колотиловкаға шабуыл жасағанын әскери блогерлер жексенбі күні хабарлаған. Үш күн бұрын Гладков тұрғындарды ол жақтан кетуге шақырған.

Краснояружск ауданы Курск облысының Суджа қаласынан шамамен 45 шақырым жерде орналасқан. 6 тамызда Суджаға украин әскері кірген.

9 тамызда Ресейдің Украинамен шектесетін Белгород, Брянск, Курск облыстарында контртеррористік операция режимі енгізілген еді. Украин әскері Курск облысында 6 тамызда рейд бастағаннан кейін федералдық дәрежеде төтенше жағдай енгізілген.



Ұқсас жаңалықтар