АҚШ президенті Байден атысты тоқтатуды бағалады
Байден: "Газа секторында атысты тоқтату мүмкін".
АҚШ президенті Джо Байден президенттік мерзімі аяқталғанға дейін Газа секторында атысты тоқтатудың мүмкін екенін атап көрсетті.
Президент Байден «CBS» телеарнасына берген сұхбатында Газа секторындағы атысты тоқтату туралы мәлімдеме жасады.
Жүргізушінің «президенттік міндет мерзіміңіз аяқталғанға дейін Газада атысты тоқтатудың мүмкін бола ма?» деген сұраққа қайтарған жауабында Байден «Иә, бұл әлі де мүмкін» деді.
Байден «Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰҚК) қолдаған атысты тоқтату жоспарының әлі де жарамды екенін» және жағдайдың «аймақтық соғысқа айналуын» болдырмау үшін жұмыстарды жалғастырғандарын атап көрсетті.
Байден 31 мамыр күні Израильдің ұсынысы екенін, атап өткен 3 кезеңдік атысты тоқтату жоспарын жариялаған болатын.
Қысқаша айтқанда бұл жоспар тұрақты атысты тоқтатуды, Израильдің Газадан тұтас шығуын, кепілге алынғандар мен тұтқындарды өзара босатуды, жер аударылған палестиналықтарды Газаға қайтаруды, гуманитарлық көмекті үздіксіз және жеткілікті деңгейде жеткізілуін және Газаның қайтадан құрылуын қамтыды.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль Газаға әуе шабуылы жасады
Палестинаның ресми агенттігі «WAFA» шабуылда 2 палестиналықтың қаза тапқанын білдірді.