Нигерияда Ласса безгегінен 163 адам қайтыс болды

Нигерия үкіметі 2019 жылдың 23 қаңтарында Ласса безгегіне байланысты төтенше жағдай жариялаған еді.

2173403
Нигерияда Ласса безгегінен 163 адам қайтыс болды

Нигерияда жануарлардан адамдарға тараған Ласса безгегінен қайтыс болғандар саны 163-ке жетті.

Эпидемия 34 уәлаятта, сондай-ақ астана Абуджада таралуын жалғастырып жатқанда, өлім санының 163-ке жеткені жарияланды.

Нигерия үкіметі ауруды емдеуге арналған 3 дәрінің анықталғанын хабарлады.

Құрғақ кезеңді бастан өткерген қараша-мамыр айларында жыл сайын күшейген Ласса безгегі эпидемиясында 2023 жылы 1227 жағдай анықталып, 219 адам қайтыс болды.

Мали, Того, Гана, Либерия және Сьерра-Леоне сияқты көптеген Африка елдерінде кездесетін Ласса безгегі алғаш рет 1969 жылы солтүстік-шығыс Борно штатында Нигерияда анықталған.

Нигерия үкіметі 2019 жылдың 23 қаңтарында Ласса безгегіне байланысты төтенше жағдай жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар