Израильдің шабуылында бір бала қаза тапты
Израиль Сирияның Хомс уәлаятындағы Шуайерат әскери әуежайына шабуыл жасады.
2173298
Израиль Сирияның Хомс уәлаятындағы Шуайерат әскери әуежайына шабуыл жасады. Шабуылда бір бала қаза тапты.
Сирия мемлекетіне жақын әлеуметтік медиа аккаунттары Израиль әскери ұшақтарының Хомстағы Шуайерат әскери әуежайына шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Мәлімдемелерде «Шабуыл кезінде 1 бала қаза тауып, 10 бейбіт тұрғын жараланды. Материалдық шығындар болды» делінді.
Израиль билігі шабуылға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.
Дамаск пен оның ауылдық аймақтарында Хизбулланың элементтері, сондай-ақ Сирия армиясы мен Иран қолдайтын лаңкестік топтар бар екені белгілі.
Израиль 2011 жылы азаматтық соғыс басталғаннан бері Сирияда Иран қолдайтын топтар мен әскери түйіндерге оқтын-оқтын шабуылдар жасап келеді.