Газада атысты тоқтату туралы келіссөздері
АҚШ Мысыр және Катар келесі аптада Газада атысты тоқтату туралы келіссөздерді қайта бастауға шақырды.
2173471
АҚШ президенті Джо Байден, Мысыр президенті Абдель Фаттах әл-Сиси және Катар Әмірі Шейх Тамим ибн Хамед әл-Тани қол қойған ортақ жазбаша мәлімдеме жарияланды.
Израиль мен Хамас 15 тамызда Газада атысты тоқтату және тұтқындарды алмасу туралы келіссөздерді қайта бастауға шақырылды.
Келіссөздердің жаңа процесі Мысыр астанасы Каирде немесе Катардың астанасы Дохада өтетіні айтылды.
Мәлімдемеде атысты тоқтату үшін бұдан былай уақыт жоғалтпау керектігі білдіріліп, , екі жақтың да кешігуге себеп болатын сылтаулары болмауы керектігі баса айтылды.
Мәлімдемеде «Кепілге алынғандарды босатып, атысты тоқтату туралы бастама жасау және осы келісімді жүзеге асыратын кез келді» делінді.