Жапонияда цунами ескертуі жасалды

Жапония Метеорологиялық агенттігі 7,1 балдық жер сілкінісінің артынан Жапонияда цунами ескертуі жасалды.

2173157
Жапонияда цунами ескертуі жасалды

Жапонияның оңтүстік батысындағы Миядзаки уәлаятының жағалауында 7,1 балдық күшінде жер сілкінісі тіркелді.

Жапония Метеорологиялық агенттігі (JMA) жасаған мәлімдемеде елдің оңтүстік батысындағы Миядзаки уәлаятының жағалауында жергілікті уақыт бойынша сағат 16.43-те 7,1 балдық жер сілкінісі болғаны жарияланды.

Мәлімдемеде жер сілкінісінің 30 шақырым тереңдікте екені хабарланды. Жер сілкінісінен адам мен мал шығыны болғаны жөнінде ақпарат жоқ.

Билік Кочи және Миядзаки уәлаяттарында цунами қаупі туралы ескерту жасады.



Ұқсас жаңалықтар