Сауд Арабиясы Ханияның өлтірілуі жайлы мәлімдеме жасады
Сауд Арабиясы Исмаил Ханияның Тегеранға сапары кезінде өлтірілуі Иранның егемендігін ашық түрде бұзу екенін айтты.
Сауд Арабиясы Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның Тегеранға сапары кезінде өлтірілуі Иранның егемендігін ашық түрде бұзу және аймақтың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеді.
Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Валид әл-Хурейжи Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының отырысында Израильдің Палестина халқына қарсы шабуылдары мен Иранның егемендігін бұзуын талқылады.
Хурайджи Израильдің аяусыз шабуылдары мен Палестина халқына қарсы Палестина жері ішінде және сыртында заңсыз әрекеттері салдарынан Палестина жерінде өршіп бара жатқан оқиғалардың маңыздылығын Эр-Рияд әкімшілігінің білетінін білдірді.
Министрдің орынбасары Тегеранға сапары кезінде Хамас жетекшісі Ханияның өлтірілуі Иранның егемендігін, аумақтық тұтастығын, ұлттық қауіпсіздігін, халықаралық құқықты бұзу болып табылатынын және аймақ тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін түсіндірді.