Ресейдің Курск облысында төтенше жағдай режимі енгізілді

Ресейдің Курск облысында қақтығыстарға байланысты төтенше жағдай жарияланды.

2172793
Ресейдің Курск облысында төтенше жағдай режимі енгізілді

Елдің Украинамен шекарасына жақын орналасқан Курск облысы губернаторының өкілі Алексей Смирнов Ресей мен Украина әскери күштері арасындағы қақтығысқа байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді.

Смирнов өзінің «Telegram» каналындағы мәлімдемесінде Украина армиясының келесі күні Курск аймағындағы шабуылдарынан кейінгі қазіргі жағдай туралы ақпарат берді.

Жағдайдың қиын және  бақылауда екенін айтқан Смирнов «Дұшпан әскерлерінің Курск аймағына кіруіне тосқауыл жасау  үшін 7 тамыздан бастап аймақта төтенше жағдай жариялауды ұйғардым» деді.

Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Украина әскерлерінің аймақтағы шабуылында жараланғандар санының 31-ге жеткенін хабарлады.

 



Ұқсас жаңалықтар