Израильдің  қатігездігі әлі күнге дейін жалғасуда

Израильдің шабуылдарда  қаза тапқандар саны 39 мың 699-ға артты.

2173185
Израильдің  қатігездігі әлі күнге дейін жалғасуда

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторында жасалған шабуылдарда  қаза тапқандар саны 39 мың 699-ға артты.

Израиль 307 күннен бері Газа секторындағы бейбіт тұрғындарды нысанаға алуда.

Израиль күштері аймақтағы палестиналықтарға қырғын жасауда. Аяусыз шабуылдарын жалғастырған сайын, құрбандар саны артып келеді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің соңғы 24 сағатта жасаған 4 шабуылында тағы 22 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын және 77 бейбіт тұрғынның жараланғанын хабарлады.

Осылайша шабуылдар басталған 7 қазаннан бері адам шығыны 39 мың 699-ға, жараланғандар саны 91 мың 722-ге өсті.



Ұқсас жаңалықтар