Йемендегі су тасқынында 45 адам қаза тапты
Йеменнің батысындағы Таиз және Худейда қалаларында су тасқыны болды.
2172811
Йеменнің батысындағы Таиз және Худейда қалаларында болған су тасқынынан 45 адам қаза тапты.
Хоуситтерге тиесілі «Әл-Месире» телеарнасының хабарына қарағанда нөсер жауын салдарынан Худейдеде болған су тасқынынан 30 адам қаза тапты.
Су тасқынынан 5 адам із-түссіз жоғалды.
Табиғи апат салдарынан 500-ден астам отбасы баспанасыз қалса, көптеген үй қирап, 7 көлікті су астында қалды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі жасаған мәлімдемеде «Таиз қаласында бірнеше күн бұрын болған су тасқынынан 15 адамның қаза тапқанын» жариялады.