Папа Таяу Шығыста атысты тоқтату шақыруын қайталады

Рим Папасы Таяу Шығыстағы жағдайды алаңдаушылықпен қадағалағанын атап көрсетті.

2172581
Папа Таяу Шығыста атысты тоқтату шақыруын қайталады

Католиктердің рухани көсемі және Ватикан президенті Рим Папасы Франциск Газа секторындағы гуманитарлық жағдайдың «ауыр» екенін атап, Таяу Шығыстағы қақтығыстардың күшеюіне байланысты атысты тоқтатуға шақырғанын қайталады.

Итальяндық ANSA агенттігінің хабарына қарағанда Ватиканда сәрсенбі күндері халыққа арналған ашық есік шарасын өткізген Рим Папасы өз сөзінде Таяу Шығыстағы жағдайды алаңдаушылықпен қадағалағанын атап көрсетті.

Жағдай «ауыр және тұрақты емес» Газа секторында және қақтығыстар болып жатқан аймақтардың барлығында атысты тоқтатуға шақырғанын қайталаған Папа Таяу Шығыста жалғасып жатқан қақтығыстардың аяқталуы үшін дұға еткенін мәлімдеді.

Рим Папасы 4 тамыз күні Ватикандағы Әулие Петр алаңында әр жексенбі сайын оқылатын Ангелус дұғасының артынан сөйлеген сөзінде «Таяу Шығыстағы қанды қақтығыстардың одан әрі тарқамауы» үшін шақыру тастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар