Насралла: "Израильге жауап қайтарамыз"

Хасан Насралла Фуад Шүкрдің өлімінің 7-ші күнінде өткен рәсімге бейнеконференция арқылы қатысты.

2172324
Насралла: "Израильге жауап қайтарамыз"

"Хизбулла" қозғалысының басшысы Хасан Насралла Израильдің 30 шілде күні Ливанда жасаған шабуылына жалғыз өздері немесе Иран қолдайтын басқа топтармен бірге жауап қайтаратындарын мәлімдеді.

Хасан Насралла Израиль армиясының 30 шілде күні Ливанның бас қаласы Бейруттегі Дахилийеде өлтірген Хизбулланың жоғары мәртебелі қолбасшыларының бірі Фуад Шүкрдің өлімінің 7-ші күнінде өткен рәсімге бейнеконференция арқылы қатысты.

Өз сөзінде Израиль армиясының 30 шілдеден бері күткен кек алуына тоқталған Насралла «Жауабымыз күшті және тиімді болады. Майданға шығуды күтеміз. Біз кек алуды не жалғыз, не болмаса көтерілістің басқа фронттарымен (Йемендегі хоуситтер және Ирактағы шиіт жасақтарымен) жүзеге асырамыз» деді.

Насралла Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның Иранның бас қаласы Тегеранда өлтіргені үшін Израильге тек Иран ғана емес, Хизбулла және Йеменнің де жауап қайтаратынын қайталады.



Ұқсас жаңалықтар