Грузия «Ресей Абхазияда жаңа база құруда» деді

Грузия президенті Саломе Зурабишвили Ресейдің Абхазияда әскери-теңіз күштері үшін жаңа тұрақты база құру үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

2171714
Грузия «Ресей Абхазияда жаңа база құруда» деді

Грузия президенті Саломе Зурабишвили Ресейдің Абхазияда әскери-теңіз күштері үшін жаңа тұрақты база құру үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеп, «Бұл тек біздің ғана емес, бүкіл Қаратеңіз қауіпсіздігінің мәселесі» деді.

Ел астанасы Тбилисиде жергілікті және халықаралық баспасөз өкілдеріне арналған кездесуде Саломе Зурабишвили Ресейдің Грузиядан біржақты тәуелсіздігін жариялаған Абхазияда Қаратеңіз жағалауында Ресей әскери-теңіз күштері үшін тұрақты жаңа база құру шешімін сынға алды.

Орыстардың бұл салада алдын ала жұмысты бастағанын түсіндірген  Зурабишвили «Бұл тек біздің ғана емес, бүкіл Қаратеңіз қауіпсіздігінің мәселесі болғандықтан күрделі бір мәселе» деді.

Осы екі аймақтағыларға Грузия азаматтығын беру керектігін айтқан Президент бұл аймақтарда тұратын халықтың Грузияға қызығушылығы мен оның мүмкіндіктерінің артқанын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар