АҚШ вице-президенті Камала Харристің президенттікке үміткерлігі расталды

Джейме Харрисон конгреске қатысқан делегаттардың онлайн дауыс беру қортындысын жариялады.

2172013
АҚШ вице-президенті Камала Харристің президенттікке үміткерлігі расталды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) вице-президенті Камала Харристің 5 қараша күні өтетін президенттік сайлауда Демократиялық партияның кандидаты болатыны расталды.

Демократиялық партияның Ұлттық комитет төрағасы Джейме Харрисон конгреске қатысқан делегаттардың онлайн дауыс беру қортындысын жариялады.

Осыған қарағанда 5 күндік дауыс беру нәтижесінде Харрис шамамен делегаттардың 99 пайызына дөп келетін шамамен 4 мың 600 дауыс жинап Демократиялық партияның сайлауындағы ресми кандидаты атанды.

Харристің кандидаттығы нақтыланғанымен Чикагода өтетін Демократиялық партияның съезінде дауыс беру арқылы жүзеге асады.

Демократиялық партия 19-22 тамыз күндері Чикагода өтетін партия съезінде президенттікке және вице-президенттікке кандидаттарын ресми түрде жариялайды.



Ұқсас жаңалықтар