Рейстер тоқтап, азаматтары елге жете алмай отыр
Әуе компаниялары рейстерін тоқтатып, Израиль азаматтары елдеріне қайта алмады.
Израильдің Хамас және Хизбулламен арадағы шиеленістері асқынып жатқанда, көптеген әуе компаниясы бұл елге рейстерін тоқтатқандықтан 150 мың израильдік шетелде қалып қойды.
Өткен аптада Иранның астанасы Тегеранда Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Хания және Израильдің Бейрутке жасаған әуе шабуылында Хизбулланың аға қолбасшысы Фуад Шукр өлтірілгеннен кейін Иран, Хизбулла мен Хамастың әуе шабуылдары арқылы жауап қайтару ықтималдығы әуе компанияларына әсер етті. Аймаққа рейс игеретін әуе компаниялары рейстерін тоқтатып, Израиль азаматтары елдеріне қайта алмады.
Израильдің «Канал 12» арнасы 150 мыңға жуық израильдіктің елге орала алмағанын алға тартты.
Израильдің мемлекеттік телеарнасы «KAN» болса кешегі хабарында шамамен 4 мың израильдіктің шетелде қалып қойғанын және олардың Израильге оралу үшін Сыртқы істер министрлігіне хабарласқанын білдірді.